Астана қ.

Ахмет Байтұрсынов көш., 5 үй

"HIGHVILL", D3 блогі, 39 кеңсе

Қоңырау шалыңызҚоңырау шалыңыз скачать бүктемескачать бүктеме
Жаңалық
Аккредиттелген

Каталогқа дәл қазір тапсырыс беріп, ASMB оқу бағдарламалары туралы көбірек біліңіз!

Каталогқа тапсырыс
MBA: теория және тәжірибе қосындысы Астана қаласының басқару және бизнес мектебінің (Astana School of Management and Business) директоры Алексей Рау МВА бағдарламасы білімін өмірде қолдану керектігіне сенімді.
23/03/2015

МВА (Master of Business Administration) дәрежесін алу мансаптың жоғарлауына себепші болып табылады. Ал топ-менеджер іскерлік әкімшілік магистры болуына міндетті. Қазақстандағы көптеген жоғары оқу орындары МВА бағдарламасы бойынша білім алуды ұсынады. Алайда бұл бағдарламалардың тиімділігін қалайша бағалауға болады?

«Негізгі мәселе – жергілікті оқу орындарда МВА бағдарламасы бойынша білім алу барысында студенттер алған білімін тәжірибеде қолдана алмауы, – деп санайды Алексей Рау. – Сонымен қатар,  бағдарламаның мәні мен міндетін студенттердің барлығы біле білмейді».

Алексейдің өзі – SBS Swiss Business School швейцариялық бизнес мектеп түлегі, ал қазір Астанадағы осы мектептің ресми өкілі болып табылатын компанияны басқарады. Ол МВА бағдарламалары бойынша білім алуға тоқталғанда, қалай дұрыс шешім қабылдау керек екенін баяндады.

- Ең алдымен, МВА бойынша бизнестік білімді не үшін алғыңыз келеді, соны анық көз алдына елестете білу керек, – дейді Алексей. – Егер МВА дәрежесі жай ғана керек болса, қазіргі таңда көбісі солай жасайды, онда кез келген оқу орнына бара беруіңізге болады. Біздің бизнестік мектеп мемлекеттік институттар, корпоративтік сегмент, кіші және орта бизнес кәсіпорындары үшін тек қана білікті кадрларды дайындайды. Топтар ықшамды болғандықтан, оқытушының біздің MBA, Executive MBA, MPA, DBA бағдарламалар бойынша әр тыңдаушымен жекелей жұмыс жасау мүмкіндігі бар.

Астана қаласының басқару және бизнес мектебінің Қазақстандағы басқа мектептерден айырмашылығы неде?

Ең бастысы – халықаралық стандарттарға сай болуы. Біздің әр түлегіміз барлық әлем мойындайтын SBS дипломына ие болады. Сонымен қатар біздің мектеп консалтингілік агенттік негізінде қызмет атқарады. Соның арқасында оқу үдерісінің тәжірибелік жағына аса көңіл аударылады.

        - Біз білім алудың ыңғайлы түрін ұсынамыз. Біздің академиялық бағдарламалар өте икемді әрі ыңғайлы, білім алу студенттер уақытына икемделген, керісінше емес, – деп айтады Алексей. – Бұған қоса, біздің мектеп корпоративтік байланыстар ауқымды жүйесін ұсынады, бұл дегеніміз халықаралық бизнес жүргізуде өте маңызды. Сонымен қатар, біз бизнес әдебіне екпін қоямыз, себебі бұл Қазақстанда аса маңызды және өзекті мәселе. Айта кететін жайт, МВА бойынша барлық сабақтар шетелде емес, Астанада өтеді.

Не себепті кәсіби тәжірибенің болуы – осы мектептің оқуға түсу талаптарының бірі болып табылады? – деп біз Алексейден сұрадық.

Біздің мектепте кәсіби тәжірибенің болуы магистратураға оқуға түсу міндетті шарттарының бірі, – деп жауап қайтарды Алексей. – Практикалық тәжірибе болса, білім алу үдерісі жеңіл әрі тиімді өтеді. Себебі, тәжірибелі адам өзіне не керек екенін және қандай білім жетіспей тұрғанын анық біледі. Біздің оқытушылар озық технологияларды қолдана отырып, сабақтарды серпінді түрде өткізеді. Сондықтан МВА бағдарламасының мәнін толық білмейтін және керекті уәждемесі жоқ адамдарға білім алу қиынға соғады. Бұған қоса, біздің сабақтар жұмыстан қол үзбей сапалы білім алғысы келетін адамдарға бағытталған.

Қазіргі кезеңде Қазақстан барлық деңгейдегі жоғарғы топ менеджерлеріне аса мұқтаж: кәсіпкерлік және корпоративтік аясы, мемлекеттік құрылымдар. Бизнесті жетілдіру мәселелерін шеше алатын, дұрыс бизнес-ойланымы бар қызметшілер рөлі маңызды болуда. Астана қаласының басқару және бизнес мектебінің бұл мәселеге қосқан үлесі – ең таңдаулы оқытушылар теориясы мен практикалық тәжірибесіне негізделген MPA (Мемлекеттік Басқару Магистры) курсы. Білім алу барысында тыңдаушылар мемлекеттік басқару саласының жаңа әдістері, құралдары және техникаларын игерумен ғана шектелмейді, мемлекет пен бизнес әрекеттестігі саласындағы әлемдік тәжірибені де меңгереді.

Заполните заявку и наш консультант свяжется с Вами и расскажет больше об условиях поступления в ASMB