Біз туралы

ASMB - Астана қаласындағы SBS Swiss Business School (Цюрих, Швейцария) мектебінің Ресми өкілдігі болып табылады.
Барлық академиялық іс-шаралар Астана қаласында өтеді, яғни біздің студенттеріміз шетелге ұшу және шетелде тұрумен байланысты қажетті уақыт, қаржы және басқа да ресурстар шығындарынан толықтай босатылады.
1998 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында негізі салынған Swiss Business School өзінің қызметін студенттерді динамикалық даму салалары: халықаралық экономика, қаржы, маркетинг, мемлекеттік басқару, e-business, e-commerce және басқа пәндері бойынша табысты жұмыс жасауға дайындайтын бизнестік білім беру мекемелер арасындағы алғашқы білім ордасы болып табылады.

Білім берудің бірегей үлгісі студенттерді халықаралық кәсіпкерлік саласында ультразаманауи үрдістерді пайдалану арқылы оқытуды көздейді.
SBS студенттері жай ғана менеджмент теориясы мен тәжірибемен ғана шектелмейді, олар өзінің болашақ өмірін түбегейлі өзгертетін және бизнесте одан да көп табысқа жетуге көмектесетін ойлау қабілеттерінің жаңа үлгісін игереді.

SBS – іскерлік басқару саласында білім беру қызметтерін көрсететін ұйым. Міндеті - тыңдаушыларды мамандандырылған білімнің кең спектрі бар іргелі академиялық негізбен қамтамасыз ету. Бұл жан-жақты динамикалық дамушы елде олардың тиімділігін, біліктілігін, кәсіпқорлығын жоғарылату және жауапкершілігі бар азаматтық позициясын құру үшін қажет.
SBS бірқатар себептерге байланысты бірегей болып табылады

Үш А
Accredited (Аккредиттелген)
Affordable (Қолайлы)
Accessible (Қол жетімді)

Тәжірибе
Халықаралық
қарым-қатынас
саласында

Аккредитациялар
бүкіл әлемде
мойындалатын
аккредитациялар

Халықаралық
қарым-қатынас
Корпоративті
байланыстың
кең желісі
Академиялық Бағдарламалар
SBS - оқытушылардың асқан академиялық деңгейі және құлшынысымен даңққа ие. Біз бизнесте және қоғамдық жұмыста халықаралық тәжірибесі мол ең үздік мамандарды біріктірдік. Олар өз саласының сарапшылары және қазіргі таңдағы басқару, кәсіпкерлік, халықаралық бизнес, қаржылық нарық трендтерін жене технологияларын жақсы меңгерген.
Біздің оқытушылар оқу жоспарына сәйкес сабақ береді. Тәжірибелік білімді келесі қолданбалы салалар бойынша алуға мүмкіндік жасалған: жобаларды басқару, менеджмент сапасы, халықаралық зерттеу жұмысын жүргізу.
Консалтингілік агенттік негізіндегі бизнес мектеп құру үлгісінің бірегейлігі - Astana School of Management and Business (ASMB) тыңдаушыларына нақты бизнес жобалар жұмысына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл тыңдаушыларға өз дағдыларын қайрау және қосымша тәжірибе алу, сонымен қатар оқу барысында табыс табу мүмкіндігін береді.
Серіктестеріміз

Өтінімді толтырыңыз. Біздің кеңесшіміз Сізбен хабарласып, ASMB бизнес-мектебіне қалай түсуге болатыны туралы ақпаратты айтып береді.