Бағдарлама туралы
SBS – іскер әкімшілдік саласында білім беру қызметтерін көрсететін ұйым. Негізгі миссиясы – тыңдаушыларды іргелі академиялық мамандандырылған білімдер кең спектрі бар базамен қамтамасыз ету. Бұл жан-жақты динамикалық дамушы елде олардың тиімділігін, біліктілігін, кәсіпқорлығын жоғарлату және жауапкершілігі бар азаматтық позиция құру үшің қажет.
Мақсаттар :
Миссияны жүзеге асыру үшін SBS келесі негізгі бес принципті ұстанады:
- Студентердің академиялық табыстары мен жетістіктерін тарату.
- Жаһандық өзара түсінушілік және үздіксіз білім алуды есепке алғандағы этикалық нормалар және қарым-қатынастарға сәйкес студенттердің тиісті қылығы.
- Сабақ беру әдістемелерін және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру мақсатында білім беру инфрақұрылымын жасау, ғылыми бірлестік құру.
- Әр-түрлі жергілікті және халықаралық институттармен тығыз серіктес қарым-қатынастар, ағарту жұмысы және барлық қызығушылық білдірген тұлғалар мен ұйымдармен байланыс.
- Барлық әлем студенттеріне жеткілікті білім мен қажет бизнес-құралдарды беру арқылы жаһандық бизнесті дамытуға жәрдемдесу.
Оқытушылар :
SBS – оқытушылардың асқан академиялық деңгейі және құлшынысымен даңққа ие. Біз бизнесте және қоғамдық жұмыста халықаралық тәжірибесі мол ең үздік мамандарды біріктірдік. Олар өз саласының сарапшылары және қазіргі таңдағы басқару, кәсіпкерлік, халықаралық бизнес, қаржылық нарық трендтерін жене техналогияларын жақсы меңгерген.
Біздің оқытушылар оқу жоспарына сәйкес сабақ береді. Тәжірибелік білімді келесі қолданбалы салалар бойынша алуға мүмкіндік жасалған: жобаларды басқару, менеджмент сапасы, халықаралық зерттеу жұмысын жүргізу.
Консалтингілік агенттік негізіндегі бизнес мектеп құру үлгісінің бірегейлігі – Astana School of Management and Business (ASMB) тыңдаушыларына нақты бизнес жобалар жұмысына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл тыңдаушыларға өз дағдыларын қайрау және қосымша тәжірибе алу, сонымен қатар оқу барысында табыс табу мүмкіндігін береді.
Оқу барысындағы білім сапасының үлкен маңызы бар. Білім алу барысында қазіргі заманғы интерактивті техналогияларды қолдануға ерекше көңіл бөлеміз. Топтар үлкен емес. Біздің дәріскерлер күрделі міндеттерді қояды, талқылау және дәлелді мысалдар анализі кезінде олардың шешімі табылады.

МВА Жетістігінің Тарихы
"Самрұқ-Энерго" АҚ департаментінің директоры

Маған Аstana School of Management and Business мектебінде оқыған ұнайды. Оқу сапасы барлық талаптарға сай. Оқытушыладың білімі жоғары деңгейде. Бизнес-мектептің кеңсесі ыңғайлы жабдықталған. Қызметкерлер туралы айтатын болсақ, олар жылы шырайлы және жайдары. ASMB бизнес-мектебіне ұлғайтуды және табыс тілеймін. Тыңдаушылар саны көбейе берсін.
Мақпал Мұхамеджанова,
"Самрұқ-Энерго" АҚ департаментінің директоры
MBA бағдарламасының тыңдаушысы
"Қазинтерастық" ЖШС қаржы директоры, "Қазагромаркетинг" АҚ менеджері

Маған ASMB мектебінде МВА программасы бойынша оқыған ұнайды. Білімнің сапасы жоғары. Әр мұғалім өз саласының маманы және олар өте қызықты тұлғалар. ASMB мектебінің кеңсесі өте әдемі және онда істейтін қызметкерлердің жауапкершіліктері мол. Көбірек практикалық оқытулар болғаның қалаймын. ASMB мектебіне көп-көп тыңдаушыларды тілеймін!
Сағдиева Алия,
"Қазинтерастық" ЖШС қаржы директоры, "Қазагромаркетинг" АҚ менеджері
Ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы ПК «Казцинк-Автоматика», «Казцинк» ЖШС

ExMBA программасы бойынша ASMB Astana School of Management and Business мектебіндегі оқуым менің болжауларымды толығымен ақтады. Бизнес-білімге лайық, ол бізге біліміміз мен жинаған тәжірибемізді жүйелеуге, жаңа басқару құралдарын үйренуге, сондай-ақ, осының барлығын пайдалы түрде бизнесте қолдануға мүмкіндік береді. Әрине, мен білім сапасына ризамын. Менің ExMBA дәрежемнің барына қарамастан, мен теорияда және тәжірибеде, жаңа нәрсе ашуды / іздеуді тоқтатқан емеспін. ASMB оқытушыларына келетін болсақ, олар өз ісің білетін мамандар болып табылады. Бұл Швейцарияның да, Қазақстанның да, Ресейдің де дәріс берушілеріне қатысты. ASMB мектебі өте жайлы, функционалды. Егер Хогватста баспалдақтар жылжитын болса, ASMB-де қабырғалар ауысып тұрады :)
Бағдарлама аясында тәжірибесі үлкен компанияларға жиі барып, спикерлермен кездесулер көбірек өткізілсе жақсы болатын еді.
Құрметті Алексей! Елордада осы жақсы бастама үшін Сізге рахмет! Сіздерге табыс пен өсуді тілеймін!
Гайфуллин Максим,
Ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы ПК «Казцинк-Автоматика», «Казцинк» ЖШС
ExMBA бағдарламасының тыңдаушысы
"КонокоФилипс" Директоры

Астанада EMBA бағдарламасын өтуіме мүмкіндік берген ASMB мектебіне алғысымды айтқым келеді. Маған оқу сапасы толығымен ұнайды, оқытушылар болса өз істерінің жетік мамандары. Оқу жоспары айтарлықтай орынды жетілдірілген, кеңседе және сабақ кезіндегі жағдай ізгі, ахуал жылы шырайлы, сол мезетте жұмысқа көп бағытталған. Барлық ақпарат (оқу кестесінің өзгеруі және оқытушылар туралы т.б.). Сонымен қатар ерекше алғысымды Фарида мен Жұлдызға жұмыс орның және татулық ахуалды ылғи да ұйымдастырып жүргендері үшін білдіргім келеді.
Алмагуль Ашикова,
"КонокоФилипс" Директоры
ExMBA программасының тыңдаушысы
CEO Көмекшісі, «Казцинк» ЖШС

Маған ExMBA программасы бойынша ASMB Astana School of Management and Business мектебінде оқыған ұнайды. Мені оқу сапасы мен сабақ ұйымдастыру барысы толығымен қанағаттандырады! Оқытушылардың деңгейі өте жоғары. Оқу беру тәсілі көбінесе практикалық мысалдарға бағытталған. Бұл бізге теориялық сұрақтарды түсінуге үлкен мүмкіндік береді. ASMB мектебінің кеңсесі керекті заттармен жабдықталып, оқу барысына толығымен шоғырлануға мүмкіндік береді. Әр модульдің алдында өтетін материалдар жіберіліп тұрса жақсы болатын еді.
Константин Видякин,
CEO Көмекшісі, «Казцинк» ЖШС
ExMBA бағдарламасының тыңдаушысы